Қазақстан тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңында 14 желтоқсан күні Үшаралда № 11-ші мұнай айдау станциясын (11-МАС) пайдалануға беру салтанатты рәсімі өтті.


Қазақстан тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңында 14 желтоқсан күні Үшаралда

№ 11-ші мұнай айдау станциясын (11-МАС) пайдалануға беру салтанатты

рәсімі өтті. Бұл станцияны іске қосу Қазақстанның энергетикалық секторы

үшін маңызы зор болмақ әрі еліміздің экономикасына тұтастай оң ықпал

етпек. 11-МАС «Атасу-Алашанькоу» Қазақстан-Қытай жобасының маңызды

құрамдас бөлігі бола отырып, осы мұнай құбырының өнімділігін жылына 10-

нан 12 млн. тоннаға дейін арттыруға бағытталған. Жобаға «Қазақстан-Қытай

Құбыры» ЖШС басшылық етеді.


Энергетика саласындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестік

қатынастардың дамуы кен орындарын барлау және мұнай құбырларының

құрылысы жобалары туралы ҚР Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі

мен Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы (CNPC) арасында Бас келісімге қол

қойған кезден бастап ХХ ғасырдың аяғында басталды. Осылайша Батыс және

Орталық Қазақстанның кен орындарынан ҚХР-ға тауарлы мұнай тасымалдауға

арналған «Қазақстан-Қытай» трансконтиненттік мұнай құбырын құруға негіз

қаланған болатын.

Алып мұнай құбырын іске қосудың алдында қажетті құқықтық базаны құру,

персоналдар іріктеу, қаржыландыру көзін іздестіру және т.б. еңбекті көп қажет

ететін жұмыстар тұрды. Сөйтіп, 1997 жылы 24 қыркүйекте ҚР Энергетика және

табиғи ресурстар министрлігі мен CNPC қытай корпорациясы арасында кен

орындарын барлау және мұнай құбырларының құрылысы жобалары туралы Бас

келісім жасалғаннан кейін 2003 жылғы көктемде Кеңқияқ – Атырау құбырын

қатарға енгізу міндеті тұрды. Бір жыл өткен соң 2004 жылғы 17 мамырда Қытайда

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және ҚХР

төрағасы Ху Цзиньтаоның қатысуымен мұнай және газ саласында жан-жақты

ынтымақтастықты дамыту туралы ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасында Шекті

келісім жасалды. Сол кезде «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ пен CNPC «Атасу -

Алашанькоу» мұнай құбыры құрылысының негізгі принциптері туралы келісімге

қол қойылған болатын. Мұнай құбырының құрылысын және пайдалануды

жобалау үшін 2004 жылы 30 маусымда «ҚазТрансОйл» АҚ мен Қытайдың мұнай

мен газды барлау және өңдеу жөніндегі ұлттық корпорациясы (CNODC) тең

үлеспен «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС-ін құрған болатын.


Мұнай құбырының құрылысы өзінің ауқымы мен қиындығы жағынан бірегей

жоба болып саналатындығын айта кету керек. Мұнай құбырын салу үшін

қазақстандық және қытайлық озық мамандар қажет болды. Жобаны жүзеге асыру

барысында 2400-ден астам адам және 1300 бірлік ауыр техника мен жабдықтар

жұмылдырылды. Мұнай құбырының трассасы көбіне қиын телімдер мен құмдардан,

батпақты жерлерден, құз жартастардан өтті. Бұл ретте құбырдың бар ұзындығы

бойынша орташа тереңдігі 2,2 метрді құрады. Температураның айтарлықтай

ауытқулары, үздіксіз күшті желдер, тасқын және жаңбыр суларының жоғары

деңгейі сияқты қатаң қлиматтық жағдайлар қосымша қиындықтар туғызды.

Алайда, барлық жобаға қатысушылардың жөнге салынған және ерлік

жұмыстарының арқасында осы қиыншылықтарды жеңді, сөйтіп мың шақырымға

жуық құбырды төсеу рекордтық мерзімде аяқталды – 2005 жылы 14 қарашада

шекара бойындағы аймақта мұнай құбырының «алтын» түйіні салтанатты түрде

дәнекерленді. Бір ай өткен соң Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

салтанатты жағдайда «Атасу - Алашанькоу» халықаралық магистралды мұнай

құбырын іске қосты.

«Мен бұл туралы 1997 жылы айтқан кезде барлығы бұл қиял деп есептеді. Ал

бүгінде біз құны 800 млн. доллардан асатын мың шақырымдық құбырды іске

қосқалы отырмыз. Бүкіл өлке жандаып, аймақтың экономикасы жанадануда...», -

деп атап өткен еді Елбасы.



«Атасу - Алашанькоу» мұнай құбыры қазақстандық инфра құрылымды дамытуға

және отандық ресурстық базаларды әлемдік тұтыну нарығына жақындатуға

мүмкіндік берді. Экспорт көлемінің ұлғаюынан басқа, Қазақстан мұнайдың

кен орындары мен мұнай құбыры бойындағы аудандарды одан әрі дамыта

түсу, аударылатын салықтар есебінен мемлекеттің табыстарын арттыру, тиісті

материалдар мен жабдықтар өндірісін дамыту, еңбек ресурстарын көбейту

және Қытаймен экономикалық және саяси қарым-қатынастарды нығайту сияқты

әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге ие болды.

Бүгінде ұзындығы 962,2 шақырымға жететін “Атасу – Алашанькоу” мұнай

құбырының трассасы Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының

аумағы мен Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданының аумағынан өтеді. “Атасу –

Алашанькоу” мұнай құбырының нақты өткізу мүмкіндігі жылына 10 млн. тонна

құрайды, келешекте 20 млн. тоннаға дейін арттырылмақ. Осылайша, “Атасу –

Алашанькоу” тәуелсіз Қазақстанда салынған әлемдік деңгейдегі экспорттық мұнай

құбыры бола білді.

«Қазақстан - Қытай» мемлекетаралық жобасының үшінші бөлігі «Кеңқияқ

– Құмкөл» мұнай құбыры болды. 2006 жылғы желтоқсанда қытайлық CNPC

мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасында «Қазақстан - Қытай» мұнай құбырының

екінші кезеңі құрылысының негізгі принциптері туралы келісімге қол қойылды.

Сөйтіп, келесі жылдарға қарамастан 2009 жылғы қазан айында ұзындығы 793

шақырым болатын магистралды құбыр бойымен экспортқа мұнай жіберілді.

Болжамдарға сүйенсек, «Кеңқияқ – Құмкөл» телімінің өзі 2010 жыл мен 2020 жыл

аралығында Қазақстанға 60 млрд. Теңге сомасына салық әкеледі екен.

Алайда, оң болжамдардың барлығы іске асуы үшін мұнай құбырының қуатын

арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуі қажет. Дәл осы мақсатта бірер күн

бұрын Үшаралда № 11-ші мұнай айдау станциясы пайдалануға берілді. 11-МАС

құрылысының Келісім-шартына бір жыл бұрын қол қойылған болатын. Жоба

мұнай айдау станциясынан және сыртқы электрмен қамту жүйесінен, оның

ішінде ұзындығы 145 шақырымдық сыртқы электр тасымалдау желісі мен қайта

құрылымдаудан өткен Ақтоғай және Қоңырат қосалқы станцияларынан тұрады.

Қазіргі кезде станциядағы барлық құрылыс-құрастыру жұмыстары аяқталды.

Оны пайдалану үшін 30 жұмыс орны құрылатын болады. Сондай-ақ, «Атасу -

Алашанькоу» мұнай құбыры бойымен жылына 20 млн. тоннаға дейін мұнай айдау

көлемін арттыру бойынша алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін 2012- 2013

жылдары 8-МАС пен 10-МАС-ты салу туралы шешім қабылданды.

  Компания туралы толығырақ »

Байланыстар

Юридический адрес: 
РК, Алматы, ул.Сатпаева 29Д
Фактический адрес: 
РК, Алматы, ул.Абая 109 В
Телефон: 8 727 3558400
Факс: 8 727 3558400 вн.: 2340