20 там.

«ҚазТрансОйл» АҚ 20-жылдық мерейтойына арналған спартакиада

Үстіміздегі жылы тамыздың 14 мен 17 аралығында Ақтау қаласында «ҚазТрансОйл» АҚ 20-жылдық мерейтойы аясында спартакиада өз жалауын көтерді. Спорт сайыстарына компанияға қарасты және еншілес компаниялардан 130 мұнай құбыршысы мини-футбол, баскетбол, волейбол, эстафета, үстел теннисі, арқан тарту, гир көтеру, армрестлинг сияқты спорт түрлерінде сынасты.


«ҚазТрансОйл» АҚ қамқорлығымен дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін спартакиадалар ұжымдастар арасында ынтымақтастықты арттырып, өзара ықпалдасуға, саламатты өмір салтын насихаттауға атсалысады. Ашылу салтанатында сөз алған «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының трансформация жөніндегі орынбасары Идырысов Орал Арминұлы қатысушыларға жан алысып, жан берісер сайыстарда сәттілік тіледі.


«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жыл сайын ұйымдастырылатын осынау сайыстарға тұрақты қатысып тұрады. Қол жеткізген табыстары да көңілді көншітпей қоймайды. Биыл командамыз аралас эстафетада 3 орын алып қуантты.


Әріптестеріміз бұдан былай да спартакиада алаңдарында жеңіс тұғырынан көрінеді деп үміттенеміз.

Жаңалықтарға оралу