2 қыр.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС атаулы даталарды атап өтті

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-да Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне және Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті.




Серіктестік ұжымына бас директор Ален Танатаров құттықтау сөздерін жеткізді. Компания басшысыӨз сөзінде Конституция сөзіне және рухына бұлжытпай еру еліміздің табысты дамуының қайнар көзі және кепілі екендігіне тоқтала отырып, экономикалық даму үшін тұтастай мұнай-газ индустриясының маңыздылығын атап өтті.




Салтанатты жиын аясында бас директор Ален Танатаров және Бас директордың бірінші орынбасары Го И компанияның көзге түскен жұмыскерлеріне KazEnergy, қауымдастығының, «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-ның құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.




Жиынды қорытындылай келе бас директор Серіктестіктегі жаңа тағайындаулар жөнінде хабардар етіп, басшыларға жаңа қызметте табыс тіледі.

Жаңалықтарға оралу