Кеңқияқ – Құмкөл

Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбыры Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды сияқты үш облысы арқылы өтеді.

Қазақстан - Қытай мұнай құбыры жобасын іске асыру мақсатында Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары аймақтарынан қытай нарығына мұнай жеткізуді қамтамасыз ету қажет болды.

Бұл мәселені шешу үшін 2006 жылғы 20 желтоқсанда Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясы (CNPC) мен “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ арасында Қазақстан - Қытай мұнай құбырының екінші кезеңі құрылысының негізгі принциптері туралы келісімге қол қойылды.

2007 жылдың екінші тоқсанында «Қазақстан - Қытай мұнай құбыры құрылысының екінші кезеңі» инвестициялық жобасының негіздемесін әзірлеу үшін конкурс жарияланып, Қазақстан мұнай және газ тасымалдау институты жеңімпаз деп танылды.

Кеңқияқ – Құмкөл

Осы жоба шеңберінде Кеңқияқ – Құмкөл теліміндегі құбырдың екінші кезеңінің құрылысы, сондай-ақ онымен жапсарлас мұнай құбыры жүйелерін кеңейту мен жетілдіру бойынша жұмыстар басталды.

11 декабря 2007 жылғы желтоқсанда Ақтөбе облысының Кеңқияқ басты мұнай айдау  станциясында   Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбыры жобасымен таныстыру өтті. 2009 жылғы қыркүйек айында Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырының құрылысы аяқталды.

Барынша қысқа мерзімді ескере отырып, құрылыстың қызған кезінде жобаға құрылыс мердігер ұйымдарынан 2400 мамандар, оның ішінде: жобаны әзірлеушілер, техникалық кеңесшілер мен инспекторлар, құрылысшылар,  тапсырыс берушінің өкілдері және 900 бірлік ауыр техника мен жабдықтар жұмылдырылды. Мұнай құбырының трассасы өте күрделі жерлерді - құмды жерлерден, 8-ші және 9-ші санаттағы жартасты топырақты қиып өтті. Осы ретте құбырдың барлық ұзына бойына орташа орналасу тереңдігі 2,5 метрді құрады. Температураның айтарлықтай төмендеуі, ұдайы күшті желдер, тасқын және жаңбыр суларының жоғары деңгейі сияқты қытымыр ауа райы да қосымша қиындықтар туғызды. Құрылысшылармен темір жолдар арқылы 4 өткел, автожолдар арқылы – 16 және өзендер арқылы – 10 өткел жасалды.

Технологиялар

Полиэтилен жабынды
қалыңдығы 3.2 мм
Адгезив
қалыңдығы 170 нанометр
Эпоксидтік ұнтақ
қалыңдығы 120 нанометр
Болат құбыр (Х60 болат)
диаметрі 813 мм, қабырғасының қалыңдығы11,9 мм

Өткізу қабілеті

Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырының өткізу қабілеті жылына бастапқы кезеңде жылына 10 млн тоннаны құрады, кейіннен 20 млн тоннаға дейін кеңейту мүмкіндігі болды.

813 мм
Құбырлардың диаметрі
794 км
Мұнай құбырының ұзындығы

Мұнай құбырының орналасқан жері

Мұнай құбыры құрылысының орналасатын жерін таңдау кезінде  жерді тиімді пайдалану, мұнай тасымалдау технологиясын сақтау, инженерлік қамтамасыз ету, елді мекендердің, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық кәсіпорындардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тарихи, мәдени және табиғи ескерткіштерді сақтау ескерілді.

Мұнай құбырының құрылысы барысында туындаған қиындықтар

Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырын салу барысында құрылысшылар көптеген қиындықтар кездескен еді. Құбырларды   күрделі жерлермен (көшпелі құмдар, тақыр жерлер, сондай-ақ суармалы және егістік жерлер) төсеуге тура келді. Жоба бойынша мұнай құбыры биік болып келетін Мұғалжар тауларын кесіп өтті, сондықтан да мұндай жерлерде тесіп жару жұмыстарын жүргізілді.

Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбыры жобасын іске асыру үшін жұмылдырылғандар:

2400
мамандар, оның ішінде: жобаны әзірлеушілер, техникалық кеңесшілер мен инспекторлар, құрылысшылар, тапсырыс берушінің өкілдері
950
әр алуан машиналар мен механизмдер
850 млн$
жоба құны

Алға қойылған міндеттер

Болжамдарға сәйкес 2010 және 2020 жылдар аралығында бір ғана Кеңқияқ - Құмкөл телімі Қазақстанға 60 млрд. теңге сомға салық әкелмек.

20млн
тонна мұнай / жылына
Жобалау өнімділігін аралық мұнай айдау станцияларының құрылысы және оларды пайдалануға енгізгенде жетуге мүмкіндік бар, бүгінгі күні Кеңқияқ – Құмкөл магистральдық мұнай құбырының өткізу қабілетін өсіру туралы мәселе қарастыру сатысында тұр.

Резервуары

Площадка технологических трубопроводов и оборудования НПС

Общее укрытие магистральных насосных агрегатов

Құрылыстың жоспарланған жобалары

Арал мұнай айдау станциясының құрылысы

Станцияның орналасатын жері – Қызылорда облысының Арал ауданы. Құмкөл МАС-та және Кеңқияқ МАС-та мұнайды есепке алу торабы кешенін қайта құруды ескерсек, мұнай тасымалдау көлемі 15 млн тоннаға дейін жететін болады.

Шалқар станциясында №4 мұнай айдау станциясы құрылысының басталуы