ТМС ақпараты

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының бұйрығы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2007 жылғы 9 қаңтардағы №12-НҚ бұйрығына сәйкес «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС табиғи монополиялар саласындағы Мемлекеттік тіркелімнің республикалық бөліміне – мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральды құбырлармен тасымалдау, мұнайды магистральды мұнай құбыры жүйесімен айдау қызметі бойынша енгізілді.

Табиғи монополиялар туралы заңға сәйкес сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлармен мұнай тасымалдау қызметтері

Ішкі нарық

ТМРК Төрағасының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 343-НҚ бұйрығымен «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-ның «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральдық құбырымен ішкі нарыққа мұнай айдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерінің шекті деңгейі 2015 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып мынадай мөлшерде бекітілді:


2015 жылы - 1000 шақырымның тоннасына 4 889,02теңге (ҚҚС-сыз);


2016 жылы – 1000 шақырымның тоннасына 5 377,92теңге (ҚҚС-сыз);


2017 жылы – 1000 шақырымның тоннасына 5 915,71теңге (ҚҚС-сыз);


2018 жылы 1000 шақырымның тоннасына 6 507,28теңге (ҚҚС-сыз);


2019 жылы 1000 шақырымның тоннасына 7 158,01теңге (ҚҚС-сыз).

Экспорт

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Бас директорының 2016 жылғы 28 желтоқсандағы №29/82 бұйрығымен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттау мақсатында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС магистральдық құбыр жүйесі арқылы мұнай айдау бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тариф 2017 жылғы 1 ақпаннан  бастап 1000 шақырымның 1 тоннасына 6 799 теңге (ҚҚС-сыз) шамасында бекітілді.

Транзит

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 545 бұйрығымен 2019-2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы  аумағы арқылы жылына 10 млн тонна ресей мұнайын Қытай Халық Республикасына тасымалдаудың құны Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) учаскесінде ҚҚС-ны қоспағанда 1 тоннасына 10,77 АҚШ доллары көлемінде бекітілген. 


Сіздер тарифтер және тарифтік реттеу туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрлігінің  Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің www.kremzk.gov.kz сайтынан ала аласыздар.