Заңды мәртебесі

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Атасу – Алашанькоу мұнай құбырын жобалау, құрылысын жүзеге асыру және пайдалану мақсатында құрылған – бірлескен кәсіпорын. Серіктестік Қазақстан Республикасы Үкіметі және Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы мұнай мен газ саласындағы жан жақты ынтымақтастықты дамыту туралы 2004 жылғы 17 мамырдағы шектік келісімге сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ мен Қытай Ұлттық мұнай мен газды барлау және өңдеу жөніндегі корпорациясының (CNODC) 2004 жылғы 6 шілдедегі шешімі негізінде құрылды. 

Міндеті

Біз Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасына мейлінше көп пайда әкелу мақсатында магистральді мұнай құбырлары арқылы мұнайдың қауіпсіз және үздіксіз тасымалын қамтамасыз етеміз.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Құрылтайшылары:

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға - қатысуы 50 % (елу пайыз);

CNODC (China National Oil and Gas Exploration and Development Corporation) компаниясы – Қытай Халық Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға – қатысуы 50 % (елу пайыз).

Тараптардың екі жақты шешімі бойынша жобаны қаржыландыру құрылымына «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-ның қатысу үлесіне сәйкес жарғылық капиталды қалыптастыру арқылы қатысушылардың қаржыландыруы, сондай-ақ сыртқы нарықта қарызды қаржыландыруды тарту кіреді.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Атасу – Алашанькоу және Кеңқияқ – Құмкөл магистральдық мұнай құбырларының иесі болып табылады әрі мұнай тасымалдауды жүзеге асырады.

Мұнай тасымалы

2020 жыл

10,5
млн. тонна мұнай
2020 жылы Атасу – Алашанькоу мұнай құбырымен 10,5 млн. тонна мұнай тасымалданды
5,7
млн. тонна мұнай
2020 жылы Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырымен 5,7 млн. тонна мұнай тасымалданды

2021 жылдың жарты жылдығы

5,4
млн. тонна мұнай
2021 жылдың жарты жылдығында Атасу – Алашанькоу мұнай құбырымен 5,4 мың тонна мұнай тасымалданды
3,1
млн. тонна мұнай
2021 жылдың жарты жылдығында Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырымен 3,1 мың тонна мұнай тасымалданды

Атасу – Алашанькоу магистральдық мұнай құбыры

Атасу – Алашанькоу магистральдық мұнай құбыры Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Құмкөл кен орындарының мұнайын, сондай-ақ транзиттік ресейлік мұнайды Қытайға тасымалдауға арналған. Мұнай құбырының бастапқы пункті Қарағанды облысында орналасқан «Атасу» қабылдау-тапсыру пункті (ҚТП) болып табылады, онда Қытай Халық Республикасының аумағындағы Алашанькоу соңғы пунктіне мұнайды одан әрі айдау және қотару жүзеге асырылады.

20 млн. тонна
Мұнай құбырының ең жоғарғы өнімділігі жылына 20 млн. тонна
965,1 шақырым
Мұнай құбырының ұзындығы – 965,1 шақырым
10,84 млн. тонна мұнай
2019 жылы Атасу – Алашанькоу мұнай құбырымен 10 млн. 840 мың тонна мұнай тасымалданды

Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбыры

Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбыры Батыс Қазақстан және Ақтөбе кен орындарының мұнайын тасымалдауға арналған.  Мұнай қабылдайтын бастапқы пункт «Кеңқияқ» ҚТП, магистральдық мұнай құбырының соңғы пункті – «Құмкөл» ҚТП болып табылады. Мұнай құбырының ең жоғарғы өнімділігі жылына 10 млн. тонна, мұнай құбырының ұзындығы – 794,263 шақырымды құрайды. Жобада мұнай тасымалдау көлемін арттыру үшін мұнай құбырын бойлай аралық сорап станцияларының құрылысын салу қарастырылған.

10 млн. тонна
Мұнай құбырының ең жоғарғы өнімділігі жылына 10 млн. тонна
794,2 шақырым
Мұнай құбырының ұзындығы – 794,263 шақырым
5,58 млн. тонна мұнай
2019 жылы Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырымен 5 млн. 580 мың тонна мұнай тасымалданды.