27 сәу.

«ҚазТрансОйл» АҚ 20 жылдығына орай 20 қайырымды іс

2017 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ 20 жылдығын тойлағалы жатыр. Осы орайда түкпір-түкпірде осынау мерейлі меже қарсаңында «Компанияның 20 жылдығына – 20 қайырымды іс» науқаны аясында түрлі іс-шаралар өтіп жатыр.


Алматы қаласында «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес және бірлесіп басқарылатын компаниялар үстіміздегі жылдың 26 сәуірінде аталған науқанға қолдау білдіріп, ағаш пен гүл көшеттерін отырғызды. Бұл ретте қалалық әкімдіктің атынан Медеу аудандық әкімдігі біздің бастамамызға барынша қолдау көрсеткенін атап өту керек. Ұйымдастыру барысында барлық түйткілдер қоян-қолтықтаса жұмыс істеу арқасында тез арада шешілді.


«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС, ҚазТрансОйл АҚ Ғылыми-техникалық орталығы филиалы және «Мұнайтас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы АҚ қызметкерлерінің тұрғызған аллея жергілікті халықтың игілігіне жарай берсін деп тілек білдіреміз.


Аллеяның бой көтеруіне атсалысқан барша жанға алғыс білдіреміз. «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС атынан бәріңізге тұрақты табыс, барлың істеріңізге құт-береке тілейміз!

Жаңалықтарға оралу