7 нау.

2023 жылғы 3 наурызда жұмыс кеңесі өтті

2023 жылғы 3 наурызда компания кеңсесінің конференция залында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС басшылығының және Серіктестік Қтысушылары: «ҚазТрансОйл» АҚ мен «SINOPIPE» өкілдерінің қатысуымен өндіріс және қауіпсіздік жөніндегі жұмыс кеңесуі өтті.  Оған Қадағалау кеңесі мүшелерінің өкілдері де қатысты. Кеңестің негізгі мақсаты 2022 жылғы өндірістік қызметтің қорытындыларын шығару және 2023 жылы алға қойылған міндеттерді айқындау болды. Кеңес барысында құбырды пайдалану және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне көп көңіл бөлінді.


Кеңес соңында Серіктестіктің үздік 13 қызметкерін «Үздік жергілікті кадрлар» номинациясымен, сондай-ақ қызметкерлерді HSE Құрмет грамоталарымен марапаттау өткізілді.

Жаңалықтарға оралу