7 қар.

Қайырымдылық факторы – ҚҚҚ балаларға көмек көрсетті

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС «Нұр Отан» партиясының Жетісу аудандық филиалының көшпелі қоғамдық қабылдауына қатысты. Аталған іс-шара Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауы аясында әлеуметтік-еңбек және қоғамды әлеуметтік тұрғыда қорғау саласындағы тапсырмаларды орындау мақсатында өткізілді. Іс-шара барысында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС демеушілік және қайырымдылық бағдарламасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балаларға 15 компьютер техникасын тапсырды. Балалар сыйға тартылған компьютер көмегімен үйлерінде қашықтан білім алатын болады. Көшпелі қабылдау туралы толығырақ «Вечерний Алматы» газетінде мақала жарық көрді - http://vecher.kz/incity/rajonnaya-ploshchad-3.


Компания сонымен қатар демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласындағы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымына 10 компьютер табыс етті.

Жаңалықтарға оралу