7 ақп.
ҚҚҚ-да жыл қорытындыланды
Кездесу Серіктестіктің өткен жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары мен 2020 жылға арналған міндеттеріне арналды.
Жиналыс алдында Е ҚО Қ және ТЖ департаменті қатысушыларға коронавирус инфекцияның алдын-алу ережелері мен сақтық шаралары туралы таныстырылым өткізді.
Осыдан кейін Серіктестіктің қаржылық, коммерциялық және өндірістік блоктарының басшылары 2019 жылдың қорытындысы туралы есеп берді. Сонымен қатар, кадр саясаты департаменті мен Алашанькоу офисі (бейнеконференция арқылы) өз блоктары есептерінің таныстырылымын өткізді.
Кездесу барысында Цянь Ялинь Қауіпсіздік, қаржы, өндірістік қызмет және мұнай тасымалдаумен байланысты Серіктестіктің негізгі аспектілеріне тоқталды.
Кездесу соңында Серіктестіктің Бас директоры компанияның 2019 жылғы қызметін қорытындылап, бірқатар маңызды тапсырмалар берді.