13 қыр.

Демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету бағдарламасы: №1 балалар үйіне көмек

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету бағдарламасы аясында Алматы қаласы Білім беру басқармасы «№1 балалар үйі» ММ-ге 15 жиынтық компьютер техникасын табыс етті.


Серіктестік басшыларының балалар үйіне баруы барысында мекеме директоры А. Шатаева оқу-тәрбие жұмыстары шеңберіде іске асырылатын жобалар туралы айтып берді. Балалар үйінің диреторы компания өкілдеріне ақысыз көмек үшін алғысын білдірді.


«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Бас директорының экономика жөніндегі жаңа орынбасары М. Берлібаев Демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету бағдарламасы бұдан кейін де халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған өкілдеріне қолдау көрсете беретіндіктерін жеткізді.


Бұл оқиға «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газетінде жарияланды: http://aikyn.kz/ru/news/show/28600-balalar_i_ne_kompyuter_syilady.

Жаңалықтарға оралу