1 қыр.

Бас директордың бірінші орынбасарын шығарып салу

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШСбасқа жұмысқа ауысуына байланысты Бас дирекетордың бірінші орынбасары Го И мырзаны салтанатты рәсіммен шығарып салды.


 Серіктестік Бас директоры А. Танатаров Го Иге компанияның дамуына қосқан қомақты үлесі үшін алғыс білдірді. Бас дирекетордың бірінші орынбасарының тікелей қатысуымен компанияда корпоративтік басқарудың жаңа құралдары мен әдістері енгізіліп, мүдделес адамдардың біртұтас командасы құрылған еді.


Го И еңбек жолын 1997 жылы CNODC компаниясында инженер болып бастады. 1999 бен 2005 жылдар аралығында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-да әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2007 мен 2013 жылдар аралығында «ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез Инк» ЖШС-да маркетинг және тасымалдау жөніндегі вице президент, «ПетроҚазақстанСауда Үйі» ЖШС-да бас директор, 2012 мен 2014 жылдарда «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС бас директоры, 2015 жылдан бастап бас директордың бірінші орынбасары болды. 


Бас директор А. Танатаров барлық ұжымның атынан Го Иге еңбекте табыс, отбасына береке және ұзақ өмір тіледі.

Жаңалықтарға оралу