19 мау.

«ҚазТрансОйл» АҚ Спартакиадасына қатысу

2023 жылғы 15 – 18 маусым аралығында Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ Спартакиада өткізді, оған 17 еншілес ұйым қатысты. Үш күн ішінде 700-ден астам қатысушы ең мықты спортшылар атағы үшін бақ сынасты. Олардың қатарында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-нің 40 өкілі болды. Жарыс Назарбаев Университетінің спорт кешенінде өтті.


Спартакиаданың ашылу салтанатында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаев сөз сөйлеп, «Салауатты өмір салты компанияның корпоративтік мәдениетінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатынын, Спартакиадаға қатысу – бұл салауатты өмір салты мен спортқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырудағы белсенді өмірлік ұстанымды растау» деп атап өтті.


Жыл сайын Спартакиаданы өткізу жақсы дәстүр мен қуанышты оқиғаға айналды, ал бұл өз кезегінде барлық еншілес ұйымдардың қарым-қатынасына жақсы жағынан септігін тигізуде. Өйткені, әртүрлі қалалардан, тіпті басқа елдерден келген көптеген спортшылар достық қарым-қатынас орнатуға және жеке байланыс орнатуға мүмкіндік алуда.


Финалдық ойындар спорттың 11 түрі бойынша өтті: мини-футбол, баскетбол, жүзу, волейбол, үстел теннисі, асық ату, тоғыз құмалақ, шахмат, армрестлинг, киберспорт, арқан тарту. Спартакиада қорытындысы бойынша құрылған құрама команданың құрамындағы үздіктер «ҚазТрансОйл» АҚ намысын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Спартакиадасында, содан кейін Ақтау қаласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ жұмыскерлері арасындағы бас турнирде қорғайтын болады.


Серіктестік қызметкерлерінің арасынан да өз чемпиондары анықталды. Сонымен, армрестлингтен 3 орынды медаль мен ынталандыру сыйлығын алған күрделі құрылыс және ағымдағы жөндеу департаментінің менеджері Фархат Хaджалаков иеленді. Ерлер арасындағы еркін жүзу жарысында 2-ші орынды күрделі құрылыс және ағымдағы жөндеу департаментінің бас менеджері Михаил Васильев иеленді. Арқан тарту командалық жарысында 3 орынды біздің компанияның құрама командасы иеленді.


Ендеше, жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Жаңа жеңістер тілейміз! Сондай-ақ, ұйымдастырушыларға – «ҚазТрансОйл» АҚ, еріктілер Дана мен Дәулетке, көлік жүргізушілеріне және біздің командаға жеңіске жетуге үлек қосқандары үшін алғыс айтамыз.


«Алға, ҚҚҚ!» - деп жанкүйерлер демеу көрсетті. Бұл ұран біздің спортшылар үшін ең тамаша тілек болды.


Серіктестіктігіміз алдағы уақытта тек спортта ғана емес, басқа да белестерде алғашқы орындарда болсын!

Жаңалықтарға оралу