4 қыр.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне және құбыр көлігінің 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-ында   Қазақстан Республикасының Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне және құбыр көлігінің 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Бас директор Д.Ғ.Досанов мырза Серіктестік ұжымының алдында  құттықтау сөз сөйледі.      

Компания басшысы өз сөзінде Мұнай-газ кешені -  мемлекеттің дамуы, оның айбындылығы мен  халықтың жақсы тұрмысының негізі екенін, сонымен қатар Серіктестіктің Бас директоры еліміздегі мұнайгаз индустриясын дамыту мен оны нығайту жолындағы отандық компаниялар мен шетелдік инвесторлардың қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті. 

Салтанатты жиын барысында Бас директор Д.Ғ.Досанов және Бас директордың Бірінші орынбасары Го И мұнай-газ  саласы ардагерлері мен компанияның  бірнеше қызметкерлеріне "Қазақстан құбыр көлігіне 80 жыл" медалін, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын, сол сияқты «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-ның  құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын берді.

Жаңалықтарға оралу