24 мау.

Қытай журналистері делегациясымен кездесу

2015 жылғы 24 маусымда Бас директор Д. Досанов басқарған «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС басшылығы қытай журналистерінің делегациясын, сонымен қатар Қазақстан Журналистер одағы Басқармасының төрағасы Сейтқазы Матаевты қабылдады.

Делегация құрамында Пекиннің күнделікті газетінің, Қытайдың жастар басылымының, Шанхай медиа тобының, Қытай телерадиокорпорациясының, Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданы телекомпаниясының жетекші журналистері, сондай-ақ Бүкілқытайлық журналистер ассоциациясының мүшелері болды. 

Кездесу барысында журналистер Серіктестіктің өндірістік қызметімен, әлеуметтік бағдарламаларымен танысты.

Серіктестіктің Бас директоры Д. Досанов кездесуге қатысушыларға компанияның міндеттері мен даму келешектері туралы хабардар етті.

Бас директордың бірінші орынбасары Го И өзінің сөйлеген сөзінде «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-ның ірі  салық төлеуші екендігін және сатып алынатын тауарлар мен қызметтер саласындағы қазақстандық қамту деңгейі жағынан көшбасшылардың бірі болып табылатындығы атап өтті. 

Жаңалықтарға оралу