24 шіл.

Мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен жиналыс өткізілді

2023 жылғы 20 шілдеде «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС кеңсесінде 2023 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС объектілерінде жұмыстар атқаратын және қызметтер көрсететін мердігерлік ұйымдар өкілдерінің қатысуымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде жиналыс өтті. Жиналысқа Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Алашанькоу (ҚХР) қаласындағы Филиал қызметкерлері, өндірістік учаскелердегі ауысым инженерлері (селектор), сондай-ақ «Қасқыр Security» ЖШС, «Дауыл» күзет агенттігі» ЖШС, «AR LINE SERVICE» ЖШС, «Nomad» өртке қарсы қызметі» ЖШС, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС ОКФ, «Бекмұхамбетов» ЖК басшылары қатысты.


Жиналыста бас директордың бірінші орынбасары Сәбит Рзиев сөз сөйледі. Кіріспе сөзінен және күн тәртібін талқылаудан кейін ол Серіктестіктегі ДЕҚОҚ мәселелерінің маңыздылығына ерекше назар аударды және барлық қатысушыларды қызметтерді көрсету және шарттық міндеттемелер шеңберінде жұмыстарды орындау кезінде барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.


Жиналыс барысында 2023 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша мердігерлік ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлар департаментінің директоры М.А. Ғұсмановтың баяндамаларында «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мердігер ұйымдарға қойылатын талаптар және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының объектілерінде болған жазатайым оқиғалармен танысу» және «2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ДЕҚОҚ саласындағы Серіктестіктің қызметі туралы» тақырыптарында мәселелер мен проблемаларды шешу жолдары көтерілді.


Жиналыс соңында Серіктестік бас директорының бірінші орынбасары құрылымдық бөлімшелер мен мердігерлік ұйымдардың жауапты басшыларының назарын қалыптан тыс ыстыққа, улы жәндіктердің белсенділігіне, өрт қауіпті кезеңге және Серіктестіктің өндірістік объектілерінде күзгі-қысқы кезеңге дайындыққа баса назар аударды.

Жаңалықтарға оралу