1 шіл.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС халықаралық ынтымақтастық аясында HSE жүйесін жетілдіруде
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мамандары Алашанькоуда (ҚХР) болып, өндірістік бөлімшеге жоспардан тыс тексеру жүргізді. Сондай-ақ Үрімшіде SPI-X пайдаланушы ұйымының басшылығымен жұмыс кеңесі өтті.
Тексеру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне, сондай-ақ өндірістік тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шараларды орындауға баса назар аударылды.
SPI-X өкілдерімен кездесуде HSE саласындағы қауіпсіздік мәдениеті мен көшбасшылықты дамыту, магистральдық мұнай құбырын пайдалану сенімділігін арттыру, өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру және компаниялар арасындағы одан арғы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, Қатысушылар тәжірибе және үздік практикалармен алмасты, өндірістік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерін қарастырды және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін арттыру бойынша бірлескен шараларды талқылады.
Жұмыс тобының құрамына ҚҚҚ-ның Еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлар департаментінің директоры Мирбек Гусманов, Күрделі құрылыс және күрделі жөндеу департаментінің бас менеджері Асқаржан Ахметжанов, ТПАБЖ және байланыс департаментінің маманы Еркін Бектенбаев және пайдалану департаментінің инженер-механигі Роман Бордунов кірді.
Мұндай кездесулер HSE жүйесін дамытуға, тәжірибе алмасуға және өндірістік нысандардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға көмектеседі.