7 там.

Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Чжан Вэй мырзамен кездесу

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС кеңсесінде Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Чжан Вэй мырза бастаған Бас консулдықтың делегациясымен кездесу болып өтті. 

Іс-шара аясында  «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Го И «Стратегиялық мұнай құбыры. Екі ел халықтарының әл-ауқатын жақсарту» тақырыбымен Серіктестік қызметі туралы таныстыру рәсімін ұсынды. 

Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулы Чжан Вэй өз сөзінде Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстан-Қытай магистральдық мұнай құбыры қазақстандық кен орнынан шетелдік тұтынушыға үшінші елдердің қатысуынсыз мұнай тасымалдау бойынша алғашқы стратегиялық жоспар болып табылатындығын, бұл құбыр – ҚХР-ға мұнайды импорттау үшін бірінші құрлықтық мұнай құбыры екендігін атап өтті. 

Чжан Вэй мырза Қазақстан-Қытай магистральдық мұнай құбыры Орталық Азияның энергетикалық жағдаятын өзгерткендігін және мұнайды елдің батысынан шығысына тасымалдайтын Қазақстан үшін мұнай құбырының артериясы болып табылатындығын ерекше сөз етті. 

Бас консул Серіктестік құру екі ел үшін де әлеуметтік-экономикалық пайда әкелгендігін: жаңа жұмыс орындарының ашылғандығын, Қазақстан бюджетіне салық түсімдерінің артқандығын айта кетті. 

Чжан Вэй мырза Серіктестік басшылығына жылы қабылдаулары үшін алғыс білдіріп, мұнайдың қауіпсіз және тұрақты тасымалдануы үшін күн сайын күш салып жатқан компанияның қатардағы қызметкерлеріне табыс тіледі. 

Бас консул Серіктестік ұжымына жетістіктер тілеп, компанияның дамуы үшін және Қазақстан-Қытай магистральдық мұнай құбырының қуатын жылына 20 миллион тонна мұнайға дейін арттыру сияқты алға қойған мақсатына жетуі үшін жан-жақты қолдау көрсету ниетін білдірді.

Жаңалықтарға оралу