Тұтынушылармен жұмыс

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік), магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы мұнай тасымалдаудың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыру функцияларын табыстау туралы» 28.08.2019 жылғы 4-НҚ бұйрығымен – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне (бұдан әрі – Алматы қ. бойынша ТМРКД), Серіктестіктің қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыру функциясын табыстады.

Алматы қ. бойынша ТМРКД тұтынушыларды Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 74а, 1 қабат мекен-жайы бойынша қабылдайды. Телефон: + 7 (727) 271-66-39.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 35-18-20/938 хатына сәйкес табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган табиғи монополия субъектісімен бірге тұтынушыларды қабылдайды.